• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:59
Алматы
+12°

Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, оқиға 3 ақпан күні сағат 19:25 шамасында болған. "ДАФ" маркалы жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Өскемен қаласынан Семейге қарай жол тартқан. Бұрқасын мен көктайғақтың кесірінен рульді басқара алмай, жолдың қарсы бетіндегі "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

"Жедел жәрдемнің 1972 және 1979 жылдары туған 2 жолаушысы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Жедел жәрдемнің 44 жастағы жүргізушісі дене жарақатымен Семей қаласының ауруханасына жеткізілді" делінген хабарламада.

Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,  абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО жедел жәрдем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір