• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:58:28
Алматы
+35°

Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың түрмеге жабылуына қарсылық ретінде Еуропа Путиннің қаржысына қысым жасап, қаржылық банкрот жасауды бастады. Бұл турлаы Reuters, AFP және The Daily Express басылымдары хабарлады. 

Путиннің ашық қарсыластарының бірі Алексей Навальный былтыр уланып, тез арада Германияға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болғаннан кейін жаңалықтардың басты тақырыбына айналған. Ол жақында сауығып, Ресейге оралды. Бірақ еліне келе салысымен дереу ұсталды.

Осы аптада Ресей билігі Навальныйды шартты түрде соттау шешімдерін өзгертіп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Навальныйдың аймақтық үйлестірушісі Леонид Волков Путиннің оппозиционерді түрмеге жабуы "стратегияның бір бөлігі" деп мәлімдеді.

AFP басылымына сұхбат берген Волков "сот үкімінен кейін орыс халқы Навальныйды одан әрі қолдай түседі" деп санайды.

The Moscow Times ақпаратынша, Навальныйдың "Путиннің жақын достарының, одақтастарының, Путин олигархтарының активтерін жария етуі, олардың халықтан жасырған ақшасы мен байлықтарын ашуы" билікке үлкен соққы болған.

Ал өткен айда Еуропарламент депутаттары ЕО елдерін "Ресейге қарсы санкцияларды қатты күшейтуге шақырды" делінген Еуропалық парламенттің баспасөз хабарламасында.

Еуропалық парламенттің осы мәселеге қатысты қаулысы 581-50 дауыспен мақұлданды. Олар Навальныйдың түрмеге қамалуына қатысы бар "жеке және заңды тұлғаларға" санкция салу туралы шешім қабылдады.

Брифингте Еуропарламент депутаттары "ЕО енді шығу тегі түсініксіз Ресей байлығын тесеруі керек" деп атап өтті.

Сонымен қатар алдағы уақытта Германия да Ресейге қарсы санкциялар қарастыратыны жарияланды.

Германия канцлері Ангела Меркель Навальныйдың қамауға алынуын "кез келген заң нормаларына қайшы" деп сипаттады.

Ресей оппозиционерінің түрмеге жабылуы Ресей астанасы Мәскеуде шерулерге себеп болды.

Әлеуметтік желіге жарияланған видеоларда полицияның наразылық білдірушілерді ұрып, қақтығысып жатқаны көрсетілген.

Хабарламалар алғашқы әр толқу кезінде 4 мыңнан астам адам қамауға алынған деп болжайды.

Навальный Путин әкімшілігін жемқор деп сынаған. Сонымен қатар Ресей президентін былтыр тамыздағы "улау оқиғасының артында тұр" деп айыптады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Навальный

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір