• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:58:55
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және оның орынбасарлары үкімет басшысына баяндама жасады. 

Кездесуде инженерлік, көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, білім беру және денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау және Алматы қаласын газдандыру мәселелері қаралды. Алматы агломерациясын дамыту және 2020-2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. 

– Алматы қаласы елдің ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында жетекші орынға ие. Мегаполистің одан әрі айтарлықтай даму әлеуеті бар. Жаңа жұмыс орындарын құру, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды және жалпы алғанда, Алматы агломерациясының экономикасын дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет, – деді Мамин.

Үкімет басшысы барлық жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды, сондай-ақ Алматы қаласын одан әрі дамытуға инвестициялар тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ресми сайттың хабарлауынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға 1,052 трлн теңгеге дейін өскен, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 6,9%-ға (машина жасау 35,8%-ға, фармацевтика 43,5%-ға, қағаз өндіру 95,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 5 есе) артқан.

"2021-2024 жылдары Алматы қаласында 35,4 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 4,5 трлн теңге болатын 201 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Биыл 7 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, 187,9 млрд теңгеге 92 жобаны іске асыру жоспарлануда" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір