• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:09:21
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, Жамаубаев министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, президент жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның алдағы негізгі міндеттері жайында баяндаған.

Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты.

Мемлекет басшысы Тоқаев үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған барлық жаңа заңнамалық бастамалар әбден пысықталуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудиторлық қызмет тиімді болуы қажет және ресми органдардың негізсіз бюджеттік шығындарын анықтап, оның алдын алу шараларына баса мән беруі керек деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір