• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:43:06
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі бейсенбі күні Тайвань бұғазы арқылы Оңтүстік Қытай теңізіне соғыс кемесін жіберді. Оқиға Вашингтон мен Бейжің арасындағы ашық қақтығыс қаупін күшейтті.

Тайвань аралы мен Бейжің арасында орналасқан даулы теңіздерді Бейжің өзінің иелігі ретінде талап етеді. Вашингтон даулы аймаққа "Arleigh Burke" классында басқарылатын зымыран жойғыш соғыс кемесін жіберді.

"USS Джон С.Маккейн" деп аталатын соғыс кемесі тіркелген АҚШ-тың жетпісінші флотының мәлімдемесінде бұл қадам "АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағының еркін және ашық болуына деген ұмтылысын көрсетеді" деп жарияланды.

АҚШ-тың жақын одақтасы Тайваньды Бейжің өз аумағының бір бөлігі ретінде санайды. Ал демократиялық Тайвань өзін егемен ел ретінде қарастырады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір