• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:21:12
Алматы
+7°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, онлайн форматта өткен кездесуде Тоқаев Одиль Рено-Бассоны еуропалық қайта құру және даму банкіне президент болып сайлануымен құттықтаған.

Президент еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі деп бағалап, екіжақты ынтымақтастық жылдарында аталған институт ел экономикасына 9 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын атап өтті. Банк Еуропа мен Азияның нарық реформаларын және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқарды.

"Тоқаев еуропалық қайта құру және даму банкі ел экономикасының басым бағыттарын айтарлықтай дамытуға септігін тигізеді деп санайтынын жеткізді. Әңгімелесу барысында ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда, автомобиль жолдарын салу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, Қазақстандағы гидроэнергетика мәселелері талқыланды.

Одиль Рено-Бассо COVID‑19 пандемиясының ғаламдық нарыққа және Қазақстан экономикасына тигізетін әсері жайындағы еуропалық қайта құру және даму банкінің болжамымен және бағдарымен бөлісті. Оның айтуынша, банк Қазақстан үкіметімен тығыз ынтымақтастық орнатуға және энергетика, инфрақұрылым, инвестиция салалары бойынша жобаларды белсенді дамытуға дайын" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір