• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:47:17
Алматы
+35°

Алматы тұрғыны Facebook-тегі парақшасында полицейлердің әрекетіне наразы екенін жазды. Өйткені белгісіз екі ер адам оған шабуыл жасаған, кейін полиция қызметкерлері шабуылдаушыларды ұстай сала босатып жіберген. Осылайша, оларды қайта іздеуге тура келген. Бұл туралы Қамшы тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, шабуыл түнгі сағат бір шамасында екі досымен дүкенге бара жатқанда болған.

"Дүкен маңында екі денелі ер адам сұр рюкзактағы жас жігіттен бір нәрсе талап етіп тұрды. Олардың бірі бізді көріп мен жаққа қарай жүгірді, біз көлікке қарай бет алдық, екеуі артымыздан келе жатыр. Рюкзактағы жігіт басқа жаққа қашып кетті. Көлікке жүгіріп кірдік, ол оталғанша жаңағы денелі ер адамның бірі артқы есікті ашты. Мен жүріп бара жатқанда артқы тереземді сындырып үлгерді", дейді зардап шегуші.

Осылайша, олар полиция шақырып, бұзақыларды ұстауға көмектескен.

– Алдымен патрульдер оларды жібере салды. "Бұл олар емес, мыналар сау" деді. Біз оларды осы уақыт бойы бақылағанымызды түсіндіруге тырыстық. Бірақ бізбен сөйлесіп жатқанда, ана екеуі қашып, ары қарай қызық болды: мен патрульге отырдым да оларды іздестіре бастадық. Жүк көлігінің артынан таптық, жақындап барып, қуып, 20 минуттан кейін ұсталды. Тағы қайталайын: олар бірден тоқтатып, ұстап, алып кетуіне болар еді. Бірақ біздің полиция оңай жол іздемейді. Біреуі ғана ұсталды, 35-40-та сияқты, – дейді алматылық.

Кейін ұсталған адам 2001 жылғы Өзбекстан азаматы екені белгілі болған.

– АІІБ-ға бізден кейін екіншісі келеді, көшеде тұрғанбыз, ол кедергісіз бөлімге кірді. Полицейлер бізге ұсталған адам изоляторға қамалғанын айтты, ал екіншісі келді дегенде ешкім ештеңе істемеді.

Ары қарай не болды? Біз арыз жаздық, содан кейін неге екені белгісіз түсінік хат жаздық. Олар ертең учаскелік полиция қызметкері қоңырау шалып, барлық мәселені шешетінін айтты. Біз 3 күн күттік. Дүйсенбіге дейін ештеңе өзгермесе, мен прокуратураға жазамын, – деді жәбірленуші.

Ол келтірілген залалдың өтелетініне сенбейтінін және көлік әйнегін өзі салатынын, бірақ полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы екенін жазды. 

Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы подполковник Ілияс Өмірсеріков алматылықтың жазбасына түсінік бере отырып, бұл іс бойынша тексеру жүріп жатқанын айтты.

"Құқықбұзушы – Қазақстан Республикасында жүру ережелерін бұзған Өзбекстан азаматы, оны көші-қон қызметіндегілер Алматы ПД қабылдау-тарату орнына қамады. Ол сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін міндетті түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын хабарлаймыз" деп сендірді Өмірсеріков.

Оның айтуынша, материал Алатау аудандық ПБ жергілікті полиция бөлімінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір