08 Ақпан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында "министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жоба жариялады.
Жобаға сай, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ішкі істер министрлігінің 2924 штаттық орнын (мамандандырылған қүзет бөлімшелері) қысқарту көзделген.
Лимиттің қысқартылуы мемлекет тарапынан күзетілетін жекелеген нысандарды жеке секторға берумен байланысты. Олардың қатарына Жоғарғы сот, Бас прокуратура (аудандық прокуратура, солармен теңестірілген соттар және қалалық прокуратура) секілді мемлекеттік органдарға қарасты нысандар бар.
Бүгінде ІІМ-нің штат саны 126 563 адамды құрайды. Қысқартудан соң 123 639 адамға дейін азаймақ.
Жобаны талқылау 22 ақпанға дейін жалғасады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір