• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:39:13
Алматы
+35°
Шалқар Мұқашұлы Қожаев президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
 
"Президент әкімшілігі басшысының бұйрығымен Шалқар Мұқашұлы Қожаев 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды" делінген жазбада.
 
Шалқар Қожаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Іскерлік әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
АҚШ-та заманауи ақпаратты тарату қызметін жетілдіру бойынша, Украинада ақпараттық технологиялар бойынша біліктілігін арттырған.
 
Журналистикадағы еңбек жолын Семей қаласындағы жергілікті телеарнада журналист, диктор болып бастаған.
 
2005-2011 жылдары "Қазақстан-Семей" арнасында тілші, жүргізуші, "Қазақстан" РТРК-ның Шығыс Қазақстан өңірі бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткен.
 
2011-2012 жылдары "Еуразия" телеарнасының тілшісі ретінде президенттік пул құрамында болған.
 
2012 жылдан бастап "Хабар 24" арнасының шығарушы редакторы, продюсері, жаңалықтар қызметінің бас редакторы, "Хабар" арнасының бас редакторы болып жұмыс істеген.
 
2017 жылдан бастап "Хабар 24" арнасының шеф-редакторы.
 
Қазақстан Республикасының "Ерен еңбегі үшін" медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен, түрлі дәрежедегі алғыс хаттармен, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған. "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір