Джо Байден Ресейге ядролық реактивті ұшақтарды жіберіп, Путинге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Джо Биденнің әкімшілігі Владимир Путинге Вашингтонның қарым-қатынас саясаты өзгергендігі туралы ескерту жасап, Ресейдің жанындағы АҚШ армиясының авиабазасына ядролық бомбалаушылар жіберді.

Арктикалық шеңбердегі америкалық миссиялар алдағы үш аптада аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, АҚШ әскерлері Ресейдің солтүстік-батысындағы халықаралық әуе кеңістігінде жаттығулар өткізе бастамақ.

Ресми өкілдердің айтуынша, бұл қадам Ресейдің кез-келген агрессиясына АҚШ-тың тезірек әрекет ете алатындығын білдіреді.

АҚШ-тың Еуропадағы және Африкадағы әскери-әуе күштерінің командирі, генерал Джефф Харригян бұл жоспардың "операциялық дайындық" екенін айтты және "біздің одақтастар мен серіктестерге қолдау көрсетіп, жылдамдықпен жауап беру қабілетіміз табысқа жету үшін өте маңызды" деп мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін АҚШ-тың Арктикаға миссиялары Ұлыбритания арқылы жүзеге асырылып келді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір