10 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: көрнекі сурет
Мәжілісте "Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды. Жобаға парламент депутаттары бастамашы болған. Бұл туралы төменгі палатаның отырысында айтылды.
Құқықтық және әлеуметтік-экономикалық оң нәтижелер күтілетін заң жобасы бойынша қорытынды биылғы 22 желтоқсанға дейін әзірленеді.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсеткенін айтты.
– Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді, – деді депутат.
Заң жобасында уақытша және аралас жұмыс режимін енгізу, жұмыс кестесі, жұмыс уақыты, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сынды нормалар бар.
Айта кетсек, былтыр көктемде пандемия басталғаннан кейін қазақстандықтардың 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір