Үндістанның WION телеарнасы ДДСҰ шенеуніктерінің "коронавирус туралы ақпаратты бөліспегені үшін Қытайды айыптағаны" делінген құпия аудиожазба жариялады.

Қаңтарда жазылған құпия аудио файлдарда Қытайдың коронавирус туралы нақты және қосымша ақпарат бермегені айтылады.

Аудиода Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшылары делінген адамдар "пандемияның алғашқы күндерінде Бейжің коронавирус туралы ақпаратты бөлісе алмады" деп Қытайды жасырын түрде сынға алды.

Таспада доктор Майк Райандікіне ұқсас дауыс Қытай ақпаратты жасырып, вирустың бүкіл әлемге таралуына жол бергенін айтып, айыптайды және пандемияны 2003 жылғы SARS эпидемиясымен салыстырады.

Жазбада доктор Райан делінген адамның "Бұл – дәл осы сценарий" деген сөзі естіледі.

Ол сондай-ақ былай дейді: "Қытайдан жаңа ақпараттар алуға тырысып жатырмыз ... содан кейін, шу болады".

Таспаларда доктор Райан қытайлық дәрігерлерді айыптайды, себебі, ол кезде Қытай дәрігерлері "коронавирустың адамнан адамға жұғуы туралы нақты дәлелдер жоқ" деп жариялаған.

Дегенмен, ДДСҰ-ның бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебресиес бұған дейін Қытайдың "ашықтыққа деген ұмтылысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес" деген болатын.

"Егер жазбалардың шынайы екені дәлелденсе, бұл – ДДСҰ-ның алғашқы күндері Бейжіңнің пропагандасын қолдағанына және вирустың қауіптілігін жасырғанына дәлел бола алады" деп жазды басылым.

Былтырғы жылдың 14 қаңтарында ДДСҰ жариялаған твитте вирус туралы қытай тіліндегі мәлімдеменің дәл өзі сол күйінде қолданылған.

Тағы бір жазбада ДДСҰ-ның коронавирус бойынша техникалық жетекшісі доктор Мария Ван Керхов Бейжің берген "өте аз ақпаратқа" шағымданған.

Ол ДДСҰ Бейжіңнен нақты мәлімет ала алмағанын айтқан.

Басылым ақпаратына сәйкес, доктор Галеа командасы "ресми және бейресми түрде" вирус туралы ақпарат сұрағанын, әсіресе "соңғы жағдай" туралы, "басталған күні" туралы ақпарат ала алмағанын айтып, шағымданады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДДСҰ коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір