12 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Ашы дереккөз
Премьер-министр Асқар Мамин 2023 жылға қарай педагогтердің айлығы екі есе өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы үкімет басшысы Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
– Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі. 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады, – деді Мамин.
Сондай-ақ үкімет басшысы 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылатынын атап өтті.
– Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылы ауыл мектептері интернетке қосылады, сондай-ақ компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет басқа жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – деді премьер-министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір