• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:13:13
+35°

"Шершевский-Тернер" синдромы сырқатына шалдыққан Алтынай Сайлаубаеваның анасы Қарлығаш Сайлаубаева халықтан көмек сұрайды. Ол ем-дом мен дәрі-дәрмектің қымбаттығы оларды осындай қадамға мәжбүрлеп отырғанын айтады.

Алтынай Сайлаубаева 2001 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Туғанда салмағы небары 900 грамм ғана болған Алтынайға дәрігерлер Шершевский-тернер синдромы диагнозын қойған. Сау адамдарда 46 ХУ жұп хромосома болса, Алтынайда 45 ХО хромосома. Бұл дертпен әлем бойынша шамамен 4000 адам, Қазақстанда 3 бала ауырады. 

Алтынай – ІІ топтағы мүгедек. Мұндай балалардың бойы өспейді. Әйелдік гармоны болмайды. Салмағы өте жеңіл келеді. Қазір Алтынайдың жасы 20-ға таяды: салмағы бар болғаны 33 келі, бойы 139 см. Баланың денесі өспегендіктен, ішкі құрылысы денесіне сыймай жабыса береді. Ойлау қабілеті де өз қатарынан тежеледі. 

2018 жылы астанада Ана мен бала орталығында Алтынайға 9 сағат 20 минут ота жасалып, тік ішектің 50 пайызы кесіліп алынып тасталды. Себебі асқазан үрленгенде ішектері қысылып, бір-біріне жабысып, ағза (спайка брюшной полости) түйіледі (приступ). Ондай кездері Алтынай жүре алмай арбаға отырып қалады.

– Қазақстандық дәрігерлер асқазан үрленгенде зонт қойып, жұлыннан ауруды басатын "эпидуралка" қою арқылы "бупивокайн" (ауруды сездірмейтін дәрі) салып отырады.  2019 жылы Алтынай Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында ем алды. Содан бері шетел дәрігерлерінің қадағалауында. Отандық медицинаның бұл дертті емдеуге қауқары келмейді. Ем-домы, дәрісі барлығы қымбат болғандықтан, қайырымды жандардан қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болып отырмыз, – дейді Алтынайдың анасы Қарлығаш Сайлаубаева,

Төменде Алтынай мен анасының банк карточкаларының реквизиті ұсынылған.

Каспий голд: 5169 4931 1193 2953 (Алтынай)

Анасы Қарлығаш Сайлаубаева 

Телефоны: 8707 518 46 18

(голд осы телефонда)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алтынай Сайлаубаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір