14 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Шымкенттегі "Ордабасы" индустриалдық зонасындағы цехте 3 ер адам үйінді астында қалып, қаза тапты, деп хабарлады vera.kz сайты.
Төтенше оқиға Қапал батыр тасжолы бойындағы 5 қабатты ғимаратта темір-бетон плиталарының құлауынан болған. Үйінді көлемі 625 шаршы метр.
Құтқарушылар үйінді астынан 1967, 1992, 1992 жылы туған 3 ер адамның денесін тапқан. Қолда бар дерекке сай, олардың бірі күзетші болып істесе, қалған екеуі цехтегі металл конструкцияны бұзып жатқан.
Төтенше оқиғаға Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері, 1 кинологы, Апат медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір