• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:34:08
Алматы
+35°

Алматыда 14 ақпанда "Domillion" сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Департамент өкілдерінің хабарлауынша, өрт таңғы сағат 8:56-да шыққан. Сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарламаны ала салысымен арнайы жасақ оқиға орнына барған.

"Сағат 09:30-да ғимарат қою түтінге оранды. Тексеріс барысында газ, түтіннен қорғау қызметі жиһаз сататын қойманың жанғанын анықтады.

Сағат 09:46-да өрт сөндірілді. Сауда орталығында өрт сөндіруші және түтіннен тазартатын жүйе іске қосылып, өрттің таралуына жол бермеді" деді ведомство өкілдері.

Өрт болған жерге 24 техника, жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір