• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:17:39
Алматы
+35°
Биылғы 5 қаңтардан бастап 45 жасқа толған қазақстандықтарға жиналған зейнетақы аннуитеті арқылы компаниялармен өмірді сақтандыру келісімшартына отыру мүмкіндігі туды, деп жазады kapital.kz сайты.

Қойылатын басты шарт – зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде қаржы жиналуға тиіс.

Бүгінде 45 жастағы ерлер үшін қажетті шекті мөлшер – 6 172 907 теңге, ал әйелдер үшін – 7 725 673 теңге.

Зейнетақы қорында осы сомадан асатын қаражаты бар азаматтар сақтандыру компанияларымен келісім-шартқа отырып, түрлі қызметтер мен комиссиялардан кейін қалған зейнетақы жинағындағы қаражатты пайдалана алады.

Бірақ мұндай келісім-шарт талаптарына сай, төлем тек 10 жылдан кейін ғана беріледі.

Зейнетақы аннуитетінің бағасы клиеттің компаниямен шарт жасасқан уақыты мен жинақ сомасына байланысты.

Клиент аннуитет төлемінің мерзімін нақты таңдаса, онда кепілдендірілген төлем белгіленген мерзімге жетпей кенеттен қайтыс болған жағдайда да беріледі. Я болмаса клиент төлемді үшінші тұлғаға мұраға қалдыра алады.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы жүйесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір