• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:03:47
Алматы
+35°

Саясаттанушы Марат Шибұтов telegram-каналында Еуропа парламентінің Қазақстандағы саяси жағдайды сынаған қарарының артында "шетелдегі оппозиционерлердің либбиі тұр" деп санайтынын мәлімдеді.

Ол қарарда тек теріс факт қана айтылып, жағымды факторлар туралы, жалпы жағдай мен оның динамикасы жайлы сөз етілмегенін, мұны стандарт манипуляция деп есептейтінін жеткізді.

"Тіпті кешігу де жоқ емес" деген ол қарарда атап өтілген үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қойылған шектеу мен айыппұл 4 ақпанда алынып тасталғанын айтты.

– Шын мәнінде елде демократизация жүріп жатыр. Мәселен жай ғана Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро статистикасына сүйеніп елдегі бейбіт жиындардың санын алайық:

–  2017 жылы – 36
–  2018 жылы – 32
–  2019 жылы – 227
–  2020 жылы (қаңтар-сәуір, ары қарай карантин) – 176

Азаматтық және саяси белсенділіктің мұнша өсімі елдегі саяси жағдай мен құқыққорғау саласындағы тәжірибелер жақсармағанда мүмкін емес болар еді, –  дейді саясаттанушы.

Саясаттанушының пікірінше, Еуропарламент қарары Мұхтар Әблязов секілді шетелдегі оппозиционер лоббиінің нәтижесі.

–  Еуропарламент біздегі жағдайды ұдайы бақылап отыр ма? Жоқ. Олар жай ғана өздеріне берілген құжаттар пакеті мен бірнеше кездесудің негізінде шешім қабылдап отыр. Еупопарламент сынына ілінген біз ғана еместігімізді айтқым келеді. Олар Украинаны, Ресейді де айыптаған, –  деген ол елдегі жағдайға мониторинг жасайтын, Қазақстан туралы нақты бағалау критериилеріне ие түрлі ғылыми және үкіметтік емес ұйымдарға көбірек сенетінін айтты.

Саясаттанушы сөз соңында Қазақстанда демократия жағдайы жақсы дей алмайтынын, бұдан да жақсы бола алатынын жеткізе отырып, манипуляция жасалуы одан да жаман екенін атап өтті.

Бұған дейін Еуропа парламенті басым көпшілік дауыспен "Қазақстандағы адам құқықтарына жөніндегі" қарар қабылдаған. Елдегі азаматтық қоғам аясының тарылуын, адам құқықтарының бұзылуын және сайлаудағы әділетсіздікті сынайтын қарарды дауыс берген 693 депутаттың 598-і қолдаса, тек 43 депутат қарсы шыққан. 

Қазақстандағы бәсекесіз сайлау және белсенділерді қудалау, саяси тұтқындар, түрмеде азаптау, сөз бостандығы мәселелеріне назар аударған Еуропарламент депутаттары Қазақстанға 20 талап қойған.

Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Еуропа парламентінің Қазақстандағы саяси жағдайды сынаған "қарары түсінбестік тудыратынын" айтады

Оның пікірінше, мұндай қарарларды еуропалық парламент халықаралық күн тәртібінің түрлі мәселелері бойынша айтарлықтай тұрақты түрде қабылдайды.

Айбек Смадияров Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған демократиялық реформаларды қолдайтынын алға тартады.

– Осы себепті жаңа қарардың мәтінінде пайдаланылған мәліметтердің нақтылығына қатысты Қазақстанда түсінбестік туындады. Еуропарламенттің бірқатар мүшелері еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірлеріне қарамастан, өздерінің партияларындағы ішкі тәртібіне сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс берді. Сонымен қатар объективті көзқарастағы бірқатар еуродепутаттар, атап айтқанда Максимиллиан Кра (Германия), Тьерри Мариани (Франция) және Татьяна Жданока (Латвия) Қазақстанды белсенді қорғады, – деді ол.

Британиялық The Economist журналы жуырда Демократия индексі 2020 бойынша Қазақстанды 128-орынға жайғастырып, авторитарлық режимдер санатында қалдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір