• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:42:27
Алматы
+35°

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады kazinform.kz 

Қаңтар айынан бастап республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге бөлініп, оның ішінде

  • мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ретінде – 25,4 млрд теңге, 
  • асыраушысынан айрылу жағдайына – 6,7 млрд теңге төленді.

Ақпанның 1-і күнгі жағдайға сәйкес, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 521,5 мың адамды құраса, асыраушысынан айрылғандар 165,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдаятта мемлекет ұсынып отырған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған, асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмақ.

  • Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 48 693 теңге,
  • Асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 40 180 теңге.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір