• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:36:30
+35°

Алматы облысы Қапшағай қаласы білім басқармасының басшысы Раиса Ешимова бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады chinovnik_kz телеграм-каналы.

Раиса Ешимова білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 1 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованың аса ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынған. Сондай-ақ осы іске қатысы бар өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Арапби Меңлібаев екі айға қамалса, білім басқармасының бөлім басшысы үйқамаққа алынған.

Басқарма басшысы 37 млн теңгеден астам пара алды деген ақпарат тараған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір