Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды салынып жатқан үй төбесіне құрылыс кранымен көтерді, деп хабарлады tengrinews сайты

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Нәжімеденов көшесінде орын алған. Кадрға мұқият қарасаңыз, кранға ілініп тұрған "сиыр" тірі. Белгісіз біреулер жануардың аяғын төбеге қаратып, салынып жатқан үйдің жоғарғы жағына кранмен көтерген.

Ал, желі қолданушылары ду- ду әңгімеге басты, бірі бұл жағдайды ерсі көрсе, енді бірі сиыр жылында "сиырды сыйлағанымыз дұрыс", – деп жатты.

 Елордалық полициялар осы факт бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланғаннан кейін заңды түрде баға беріліп, тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір