19 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: NASA
NASA "Perseverance" деп аталатын роверін Марстың экваторына жақын Джезеро кратеіне сәтті қондырды. Алматы уақыты бойынша 2:55-те ровердің сәтті қонғанын растаған сигнал келіп жетті.
"Жақсы жаңалық. Ғарыш кемесі керемет жұмыс істеп тұр" деді миссияның жоба жетекшісінің орынбасары Мэтт Уоллес.
Алты дөңгелекті көлік келесі екі жыл ішінде Қызыл ғаламшардағы тау жыныстарын бұрғылайды және ондағы тіршіліктің дәлелдерін іздейді.
Зерттеушілер Джезеро кратерінде миллиардтаған жыл бұрын алып көл болған деп сенеді. "Су болған жерде тіршілік болуы мүмкін" дейді ғалымдар.
Ровер Марсқа қонысымен екі фото жіберді.
"Біз жазық жерде тұрмыз. Робот шамамен 1,2 градусқа қисайған. Біз жақсы орынға қондық. Ровер қауіпсіз" деді қону тобын басқарған Аллен Чен.
Айта кетейік, бұған дейін NASA роверінің Марсқа қонуға дайын екені хабарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір