• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:06:09
+35°

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулысын шығарды.

"Шымкент қаласының аумағында 22 ақпан сағат 00:00-ден бастап 08 наурыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады;
  • қалада жүргенде маска режимі және 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтық сақталады;
  • 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелері боп аулада серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
  • жұмыс уақытын барынша қысқарту, қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіру;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін істейді, мереке күндері жабық болады;
  • театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай болса) рұқсат етіледі.

Аталған қаулы 2021 жылдың 22 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшйіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір