• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:19:40
Алматы
+12°

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн форматта халыққа есеп беріп тұрған кезде ыңғайсыз жағдайға тап болды.

Әкім тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда мінберге желімделген Елтаңба кенет өзінен-өзі жерге құлап түсті. Сөйтіп еді Сапарбаев қол астындағы қызметкерлеріне "Алсайшы ананы" деп бұйыра сөйледі де, сұрақтарға жауап беруін жалғастырды.

Бұған желі қолданушыларының реакциясы әртүрлі болып жатыр. Бірі "Өзі неге алмайды екен?!" десе, енді бірі "Байқамай қалған сияқты ғой" деп жазған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бердібек Сапарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір