• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:03:20
Алматы
+35°

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінің марапаттау рәсімінде жеңісін Жаңатаста өрт салдарынан шетінеген сәбилердің рухына арнайтынын айтты.

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Марапаттау рәсімінде боксшы жеңісін 20 ақпан күні Жаңатаста өрт салдарынан шетінеген сәбилердің рухына арнайтынын айтты: 

– Елімізде кеше ғана өте үлкен қайғылы жағдай болды. Сәбилерімізден айрылып қалдық. Алла Тағала олардың жанын Жәннаттық қылсын! Мен жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді, – деді ол.

Сондай-ақ ел басқарып отырған ел ағаларына да өз сөзін жеткізді:

– Біздің “елім, жерім” деген ел басқарып отырған ағалардың құлағына алтын сырға! Қарапайым халықпен бірге болыңыздар! Аяқтарың аспаннан салбырап түскен жоқсыңдар! Әрқашанда халықпен бірге болыңдар!

Халқым, мен сендермен біргемін! Жеңісім әрқашанда сіздер үшін! Еліміз аман болсын! Бәріміз осы дерттен аман-есен шығайық! – деп сөзін аяқтады ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір