Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті кездесуінде жеңіске жеткеннен кейін мексикалық боксшы Сауль Альваресті жұдырықтасуға шақырды.

– "Канело", vamos! Сен мені көріп отырсың, бақыттысың, мені жақсы көресің! Кел, жекпе-жекке шығайық, – деді Ислам.

 

Қазақстандық боксшы бүгін эквадорлық Джейсон Миндадан басым түсті. Бастапқыда 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болатыны хабарланған. Бірақ кейін өзгерген.

10 раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта аяқталды. Қанат Ислам қарсыласын алдымен төртінші раундта нокдаунға түсірді. Жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун тіркеді. Артынша  қазақстандық боксшы сол раундта эквадорлық боксшыны нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 28-ші жекпе-жегінде 28-ші рет жеңімпаз атанып отыр. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір