Илон Масктың SpaceX компаниясы өткен аптада капитал жинағаннан кейін 74 миллиард долларға бағаланды. Көптеген инвесторлар SpaceX-тың  екі жобасы  компанияны бағалауды одан да жоғары көтереді деп сенеді. Сондықтан болашақтағы акцияларға деген сұраныстың көбейетіні күтілуде.

Компания 2020 жылдың тамызындағы қаржы жинау кезінде 46 миллиард долларға бағаланған. Ал, осы жолы "SpaceX ақша жинаудың соңғы кезеңіндегі үш күннің ішінде инвесторлардан 6 миллиард доллар ұсыныс алды" деп хабарлады CNBC басылымы.

–SpaceX компаниясының "Starship" және "Starlink" жобалары инвесторларды қызықтырып отыр,– деп түсіндірді "Quilty Analytics"-тың негізін қалаушы Крис Куйлти. "Quilty Analytics"–инвестициялық фирма және спутниктік байланыс секторына бағытталған зерттеу жүргізеді. Крис Куйлти SpaceX-тың екі жобасын "параллель екі Манхэттен жобасы" деп сипаттады.

Илон Масктың компаниясы "Starship" деп аталатын ғарыш кемесін дамытып жатыр. Бұл тіпті қазірге дейінгі ең ірі ғарыш кемесі.

Ал, "Starlink" жобасы бұл мыңдаған жасандысеріктерден тұратын ғаламдық спутниктік желі. SpaceX компаниясы тұтынушыларға жоғары жылдамдықты интернетті жеткізу үшін осы жабаны қолдана бастады.

Уолл-Стриттің сарапшылары және салалық талдаушылар осы аптада "Starship" және "Starlink" бағдарламаларының жоғары бағалануын және оған қатысты позитивты дамуды түсіндірді.

–Бұл бағалау SpaceX болашақта қандай жетістіктерге жете алатындығы туралы көзқарасқа негізделген.Олардың бағасы өте жоғары, өйткені коммерциялық іске қосу нарығы ондаған немесе жүздеген миллиард емес, миллиардтаған доллармен өлшенеді, сондықтан сіз Starlink-ке де назар аударуыңыз керек,– деді "Bryce Space & Technology" компаниясының бас директоры Карисса Кристенсен.

Кейбір нвесторлар 74 миллиард долларлық бағаны өте жоғары деп ойласа да, "Ark Invest" сарапшысы Сэм Корус SpaceX компаниясы триллион долларлық компанияға айналуы мүмкін деп ойлайды.

–Мен ғарыш саласында SpaceX-тің инновациялық қарқынымен дамып жатқан ешқандай компанияны білмеймін,– дейді Корус.

Айта кетейік, өткен жылы Илон Масктың ғарыш компаниясының екі есеге қымбаттауы мүмкін екені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: SpaceX Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір