• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:04:57
Алматы
+35°

Петропавлда 5 қабатты жатақханада газ жарылып, 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін сағат 15:59-да болған. Облыстың Интернациональная көшесі, 21 мекенжайында 5 қабатты үйдің 1-қабатында газ баллоны жарылғаны анықталды. 

Салдарынан 2 адам оқиға орнында қайтыс болды, ал 10 адам зардап шекті.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, қазір облыс орталығында орналасқан № 2 мектепке 120 адам эвакуацияланып, жедел штаб құрылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір