• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:18:24
Алматы
+35°

Қытайыдағы этникалық қазақтар мен ұйғырларға қатысты заң бұзушылықтар туралы хабарламаларды тергеу үшін Ұлыбритания дүйсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымына "шұғыл және шектеусіз" Шыңжаңға кіруге рұқсат беруге шақырады.

Ұлыбританияның cыртқы істер министрі Доминик Рааб Шыңжаңдағы заңсыздықтар, оның ішінде азаптау, мәжбүрлі жұмыс және әйелдерге жыныстық зорлық туралы хабарламаларға сілтеме жасады. "Олар өнеркәсіптік деңгейде болып жатыр" дейді ол.

–Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары немесе басқа тәуелсіз фактілерді анықтаушы сарапшылар Шыңжаңға шұғыл және шектеусіз қол жеткізу тиіс,– дейді Рааб .

БҰҰ Шыңжаңда кем дегенде 1 миллионнан астам қазақ, ұйғыр және басқа да аз ұлттардың ұсталып, лагерлерге қамалғанын хабарлады. Ал, Бейжің экстремизмді жою үшін және азаматтарға жаңа дағдылар үйрету үшін "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайтын кешендер құрғанын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір