• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

09 Желтоқсан, 09:30:31
Алматы
-1°

Америка Құрама Штаттары Бейжіңге Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы "әскери күш қолдану дауына" қатысты ескерту жасады. Вашингтон шетелдік кемелерге қарсы қару қолдануға рұқсат беретін Бейжіңнің жаңа заңдарына қарсылық көрсетті. Бұл туралы британиялық Thе Guardian басылымы хабарлады.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Бейжің өзінің территориясы деп санайтын теңіз аймағына кірген шетелдік кемелерге қарсы қару қолдануға рұқсат беретін жаңа заңдарға қатысты Вашингтон "алаңдаушылық" білдірген.

"Мәтін бұл заңды ҚХР-дың теңіздегі көршілерін қорқыту үшін пайдалануға болатындығын білдіреді" деді АҚШ мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс.

– Біз Оңтүстік Қытай теңізінде жұмыс істейтін барлық теңіз күштері өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда кәсіби және ұстамдылықпен әрекет ететінін ескертеміз. Біз Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізіндегі заңсыз теңіз талаптарын бекіту үшін осы жаңа заңға жүгінуі мүмкін деп алаңдаймыз, – деді Прайс журналистерге.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір