Бүгін Орал-Атырау тасжолында жол апаты жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы БҚО-ның полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқан. Салдарынан 6 адам қайтыс болды. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болғаны белгілі болды. 

"Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде 5 адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр" делінген департамент таратқан хабарламада. 

Денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір