• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:16:03
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден халыққа үндеу тастап, коронавирустан қайтыс болғандарға аза тұтты. Ол АҚШ-та пандемиядан 500.000 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. 

– Біз ұлт ретінде мұндай қатал тағдырды қабылдай алмаймыз. Бірақ бір жағынан қайғыға беріліп кетпеуіміз де керек, – деді Байден.

Содан кейін президент пен вице-президент және олардың жұбайлары шам жағу рәсімі кезінде Ақ үйдің алдында бір минут үнсіздік жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, 28,1 миллионнан астам америкалық инфекция жұқтырған. Яғни, АҚШ пандемиядан әлем бойынша ең ауыр зардап шеккен елдердің қатарында.

Америкалықтарды COVID-19-бен жұмыла күресуге шақырған Байден:

– Бүгін мен барша америкалықты осы дерт салдарынан жоғалтып алған жақандарымыз бен бастан өткерген қиын күндерімізді еске алуға шақырамын, – деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден АҚШ пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір