• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қыркүйек, 05:31:45
Алматы
+9°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы республика бойынша 15 млн 300 мың ш.м. тұрғын үй салынған. Оның 140 мыңнан астамы пайдалануға берілген.

Сонымен қатар "Отбасы банкі" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді бір орталықтандырып жүзеге асыратын болады.

– Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, – деді үкімет отырысында Бейбіт Атамқұлов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір