Bloomberg Billionaires индексіне сәйкес Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск енді әлемдегі ең бай адам емес. 

Масктың орнын Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос басты. 

Tesla компаниясы 8.6%-ға арзандап,  бұған дейін ғаламшардағы ең бай адам болған Илон Маск 15,2 миллиард долларын жоғалтты. 

Bloomberg Масктың Bitcoin (BTC) және Ethereum (ETH) криптовалюталарының бағасына қатысты твиті кәсіпкердің дәулетінің төмендеуіне ықпал еткенін айтады.

15,2 миллиард доллар жоғалтқан Илон Масктың дәулеті 183,4 млд долларға бағаланып, Bloomberg Billionaires индексі бойынша екінші орынға сырғыды, ал  186,3 миллиард долларымен Джефф Безос бірінші орынға жайғасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір