Танымал уфолог Скотт Уоринг қызықты жаңалықты байқағанын жариялады.

Ол Марс ғаламшарының фотоларын зерттеу арқылы, өз көзіне өзі сенбейтін жағдайларды байқаған.

"Мендегі ақпарат көзі Невилл Томпсондыкы. Ол NASA фотоларын жариялаумен танымал, әсіресе Аризона шататы университеті жариялаған (фотолармен танымал)" дейді уфолог.

Уорингтың айтуынша, NASA жариялаған фотолардан бүкіл бір қаланың нобайын көруге болады. Оның пікіріне сәйкес, бұл фотолар Қызыл ғаламшарда тіршілік иелерінің бар екенін дәлелдейді. Дегенмен ол фотода көрінген жағдайдың табиғи қалыптасу ықтималдығын да жоққа шығармайды. 

Уфологтың ойынша, бұл аңыздардағы жоғалып кеткен Атлантида өркениетімен де қатысты болуы мүмкін. Ол аңыздағы Атлантида өркениеті Марстан келген болуы мүмкін екенін айтады. Қызыл ғаламшардағы белгісіз бір апаттан соң, олар Жер шарына қоныс аударған болуы ықтимал дейді Уоринг. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: уфолог Марс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір