24 Ақпан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Павлодар облысы Екібастұз қаласында жұрт көзінше ер адамды атып өлтірді делінген күдікті ұсталды. Шұғыл іздеу шараларының нәтижесінде 65 жастағы ер адам ұсталған. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов мәлім етті.
Бүгінде аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Кеше Екібастұз қаласы полиция басқармасы таңғы 8.00-дер шамасында Сәтпаев көшесіндегі № 12/6 маңында белгісіз біреу тұрғынүй ауласында жұрт көзінше ер адамды атып өлтіргені хабарлаған. Бұл сәт ауладағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған.
Видеодан белгісіз біреудің тапаншамен ер адамды екі рет атқанын көруге болады.
Артынша, қаза тапқан адам 1960 жылы 24 тамызда туған Жанат Максутова есімді КЕГОГ компаниясының электромонтері екені анықталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір