• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:35:11
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев үкімет басшысы Асқар Маминге Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға қатысты депутаттық сауал жолдады.

– "Тас түскен жеріне ауыр" демекші, бұл – барша қазақстандықтың қайғысы. Өрт салдарынан жазықсыз нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған жақындарына депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. "Жазсықсыз шетінеген балаларымыз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауапты?" деген сұрақ баршамызды ойландырады. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болуы қажет. Біздің тұрғындарымыз қашанғы оттың астында қала беруі керек? Балалардың өлімі үшін кім жауапты? Ертеңгі күні бұндай жағдайларға тап болмауымызға кім кепіл? – деді Фахреддин Қаратаев.

Депутаттың айтуынша, бұл оқиғалар елде түбегейлі шешуді талап ететін мәселелер көп екенін көрсеткен. Былтыр тиісті өкілеттіктермен және кадрлармен қамтамасыз етілген Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылған. Алайда оның атқарған жұмысы әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді.

– 2020 жылдың тоғыз айында елімізде 9000-нан астам өрт болды, 228 адам қаза тапты, жарақат алғандар – 217 адам. Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатқандығы туралы мәлімдеді. Олардың мәліметтері бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген. Алайда, орын алып отырған қайғылы оқиғалар істеліп жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті, – дейді депутат.

Осыған байланысты депутаттар Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беруді және осындай жағдайлардың алдын-алып ерекше бақылауға  алуды сұрады.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды, өрт  қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізуді ұсынамын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір