Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева 2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейтінін хабарлады.

Юлия Якупбаева бүгін өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында сырқаттану деңгейінің біртіндеп төмендеуі ескеріліп, ҰКП мен өңірлердің кейбір ұсыныстары қолдау тапқанын мәлім етті. Соған сай, төмендегідей қызмет түрлеріне рұхсат етіледі.

"Жасыл аймақтағы өңірлерде:
1) Спорттық жарыстарға көрермен қатысуына (келушілер лимиті талқыланады)
2) 50-ге дейінгі адамдарға бірге тамақтануға (бірақ зал қуатының 30% артық емес)
3) бильярд қызметіне
4) үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне
5) цирктер қызметі

Сары аймақтағы өңірлерде:
Жексенбі күні базарлардың, сауда ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.

АШЫҚ қосымшасы:
1) боулинг қызметіне;
2) компьютерлік клубтардың қызметіне;
3) фитнес-орталықтар, бассейндер қызметіне рұхсат етіледі" делінген Якупбаеваның жазбасында.

Оның айтуынша, санитарлық талаптарды сақтай отырып, барлық бизнес субъектілері біртіндеп жұмысқа қайта оралады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір