• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:53:29
Алматы
+12°

Алматы қаласындағы мәйітхана директоры Бақытжан Әлібеков пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметінше, ол өзі құрған Veritas Primus жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық патологоанатомиялық бюроның директоры Әлібековке қатысты тергеуді аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша 4,5 млн теңге көлемінде ақша ұрлаған. Бұл ақшаны жымқыру үшін ол Veritas Primus ЖШС құрды" делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол қалалық патологоанатомиялық бюросының жаңа салынып жатқан ғимаратына медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актісіне қол қойғаны үшін алматылық кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

– Қазіргі уақытта қылмыстық іс сот қарауында жатыр. Күдіктінің кінәсі туралы шешімді сот шығарады, – деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Алматы мәйітханасының директоры Бақытжан Әлібеков өткен жылдың қазан айында қамауға алынған. Содан кейін ол тек жабдықты қабылдау актілеріне қол қою үшін пара алды деп күдіктелгені туралы хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәйітхана пара

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір