Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылғанын айтты.

– Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді. Өңірлік корпорациялардың жұмысы қоғамның ашық әрі толық бақылауында болуға тиіс. Құзіретіне жатпайтын және маңызы төмен активтерді оның қарамағынан алып тастаған жөн, – деді президент.

Тоқаев осы корпорациялардың қызметін үйлестіру үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты құзыретін күшейту керек.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір