Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырамын. Бұл туралы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында президент Қ.Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық оларды қоғамға толыққанды аралсудан айыратынын, отбасы институтына теріс әсер ететінін айтты.

– Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ортақ күш-жігерімен ғана шешуге болады. Мұнда ІІМ-нің 1999 жылы құрылған әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелеріне басты рөл біріліп отыр. Олар полицияның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының тиімді буыны болуы керек. Алайда бір кездері олардың штат санының жартысына жуығы қысқартылды. Сондықтан Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырамын, –  деді президент.

Тоқаев сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынған кеңес мүшесі Айгүл Орынбектің бастамасын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл жәбірленушілерге біржақты және әдепсіз көзқарас фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір