• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:09:30
Алматы
+35°

Қалаға қалың қар жауды, осыған орай Алматы жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты.

Алматыда 24 ақпан, сағат 16.00-ден бастап қар аралас жаңбыр жауды, ал 25 ақпанда түнгі сағат 01.00-ден бастап қар жауа бастады, ауа температурасы - 10 градусқа дейін күрт төмендеді. Сағат 9.00-де қалада 20-30 см, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 30-40 см қар жатты.

Алматы жастар ресурсы орталықтарының еріктілері қараушысы жоқ, жалғызбасты қарттардың үйі маңайындағы және аулаларындағы қарды тазалау акциясына шықты. Қар тазалау шарасына 30-ға жуық жас қалалық  қатысты.

Алматы

Бұдан өзге, Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 200-ден астам белсендісі мен қалалық еріктілер ұйымы мүшелері коммуналдық қызметкерлерге қаланы қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, қолдау көрсетті. Жас отандықтар оларға ыстық шәй ұйымдастырды.

Таңнан бері қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1653 жол қызметкері 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш жұмылдырылды.

Алматы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір