• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:25:40
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде көлігі бұзылып далада қалған азаматтың құлағын үсітіп алғанын айтқан видео тарады. Белгісіз азамат видеода "бекер шығыппын жолға, құлағымнан айрылдым-ау" деген өкінішін білдіреді. Кірпігіне шейін мұз қатқан азамат көлігінің бұзылып қалғанын, тиісті орындарға хабарласа алмай отырғанын айтады.

Артынша @patriotkaragandy аккаунтында ер адам аман-есен емдеу мекемесіне жеткізілгені бірақ "құлағын сақтау мүмкін болмағандықтан кесілгені хабарланды. Бұл ақпараттардың Қарағанды облысына тиесілі аккаунттарда тарағанына қарағанда, оқиға да осы облыста тіркелген секілді.

Айта кетер жайт, қазір еліміздің көптеген облыстарында аяз күшіне еніп тұр. Синоптиктер аяздың беті әзір қайтпайтынын, сондықтан жолға да шықпау қажет екенін ескертуде. 

Ертең де елдің 11 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде аяз -35-40 градусқа дейін жетеді. Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын болуы мүмкін.  26 ақпанға қараған түні кей жерлерде секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Таразда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. -26-28 ақпанда тұман түседі. 

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде -35-38 градустық аяз болуы мүмкін. Қарағандыда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Жезқазғанда -35 градусқа дейін қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде -40 градус қатты аяз болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: аяз құлағы үсу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір