Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы. Қоғамның бет-бедерін түзер алаңда дәл осы ортамен тікелей байланысты. Кемел келешектің ірге тасын қалаудағы орны ерекше органның жұмысы оңтайланған. Бұл туралы ашық диалогтық кездесуде айқындалды.

Алматы облысының аумағында 780 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 7760 бірлікті құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы 323 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түрінде қолдау көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің 87 пайызы электронды түрде көрсетіледі

"Департамент тұрақты негізде әлеуметтік желілерге, ақпараттық және жаңалықтар порталдарына Облыстың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, сол арқылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен кері байланыс орнатады. Мониторинг қорытындысы бойынша, облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты 2020 жылы теріс сипаттағы 37 материал анықталды, оның 16-сы расталды, қорытындысы бойынша барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ләззат Бейсеқұлова.

Сонымен қатар, басшы қазір мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлықтың шегі заңмен алынып тасталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекетке берілуге тиіс.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар алуға заңнамада тыйым салынған. Сонымен қатар, Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге рұқсат етілмеген»,-дейді департамент басшысы.

Бүгінде Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында қызмет көрсетушілермен 386 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі шамамен 87% - ды құрайды.

Аталған департамент, бұдан өзге "Egov жаршысы", "Сервистік әкімдік" әкімдік сынды ірі жобаларды жүзеге асырған. Айт кетейік, аталған бастама республика бойынша алғаш рет қолға алынған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы Жетісу университетімен екі жақты меморанумға қол қойылған еді. Нәтижесінде «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі жұмыс жасап келеді.

Орын алып жатқан оң өзгерістерге қарамастан, кызметтерге сұраныстың жыл сайын артуымен оларды көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда.

Өкінішке орай, 2020 жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету саласында 48 тексеру іс-шарасы жүргізіліп, 55 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір