Жамбыл облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге тағзым» бастамасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Жомарт түлек» жиыны өтті. Әулиеата топырағындағы бұл алқалы басқосу республикада тұңғыш рет ұйымдастырылды. Халқымызда «Туған жерге туыңды тік!» деген қанатты сөз бар. Демек, әр адам кіндік қаны тамған жерін ұмытпауы тиіс. Қолынан келсе, көмегін аямауы керек.
Бұл жиынның, расында мәні терең, маңызы бөлек. Өйткені, елдің өркендеуі мен дамуы жолына ерекше атсалысып, әлемдік ареналарда көк туымызды желбіретіп жүрген түлектеріміздің жетістіктері – туған жердің топырағымен тамырлас. Сондықтан да аталған басқосуға еңбек ерлері, мемлекет қайраткерлері, мәдениет саласының майталмандары, спортшылар, ұстаздар мен бизнесмендер еліміздің түкпір-түкпірінен қатысты. Малайзия, АҚШ, Ресей сынды мемлекеттерден онлайн байланысқа шықты.

Тәуелсіздік
Алқалы кездесу маңызды қоғамдық бастамаларды көтеріп, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді. Ел егемендігін алғалы өңір мектептерінен 400 мыңнан астам түлек қанат қағыпты. Сол себептен біз аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен jambyl-tylek.kz сайтын іске қостық. Бүгінде онда 80 мыңға жуық түлек тіркелген. Олардың арасында өздері білім алған ордасы мен ауылының дамуына тек соңғы 5 жылда 2 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсеткен азаматтар бар. Биыл осы меценат замандастарымыздың бастамасымен «Оқушылар сарайы», «Анаға тағзым», үстел теннис орталығы, үлкен теннистік алаң, «Өнер үйі» сияқты құны 5,4 млрд теңге болатын ауқымды жобалар қолға алынды.

Тәуелсіздік
Жиынға қатысқан облыс әкімі туған топырақтан қуат алып өскен әрбір әулиеаталық түлек егемен еліміздің игілігін еселей түсетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар жалпы құны 5,5 млрд теңгені шамалайтын 30-дан астам әлеуметтік жобаны ұсынды. Көпшілікті осы жобалар арқылы туған өлкеміздің көркейе түсуіне қолдау білдіруге шақырды.
Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай облыста халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған «30 игі іс» жобасы іске асырылады. Нәтижесінде 136 әлеуметтік, 150 инфрақұрылымдық нысан пайдалануға берілмек. Сондай-ақ «Мейірім», «Зейін», «Қамқор», «30 игі іс» сияқты 9 әлеуметтік жоба мен 6 қайырымыдылық акциясы ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік
"Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "Туған жер" арнайы жобасын іске асырып, Қазақ Елінде тұңғыш рет "Жомарт түлек-2021" түлектер кездесуін ұйымдастырғаны үшін Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевқа Елбасы Н.Назарбаев алғыс білдірді. Оны бүгінгі кездесуге онлайн қатысқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков жеткізді.
Жиын соңында облыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға "Жомарт түлек" сыйлығы табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір