Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері С.С. Бейсенова коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салынады;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс;
  • меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% -ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіруі қажет;
  • сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейтіледі;
  • қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыруы тиіс;
  • діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2  және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады;
  • ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады.

Осы қаулы 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір