Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Министрлік хабарлауынша, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші де бар. 

"Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді" делінген хабарламада.

Үкімет мұндай көліктерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартты.  Қазақстанда тіркеуден өткен осындай автомобиль иелерін Арменияда салықтан босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтіп жатыр. Бұл шаралар автокөлік иелері үшін (Армения мен Қазақстанда) "екі рет" салық төлеуден босатуға бағытталған.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір