Алматыда Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында №123 маршрут автобусы мен екі жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол апаты болып, бірнеше адам жапа шекті. Бір адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы kris_p_almaty instagram парақшасында хабарланды.

Автобус Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан. MEGA Park сауда үйі маңына келгенде белгісіз себеппен жол жиігені қарай шұғыл бұрылып, алдымен Hyundai Accent көлігіне соқтығысып, оны ұшырып жіберген. Екпіні басылмаған автобус тротуарға шығып, бірнеше жаяу жүргіншіні қағып, сауда үйінің жерасты автотұрағына қарай бұрылады. Автотұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo қағып, тұрақ бетонына соғылып барып тоқтаған.

Әзірге бірнеше адам жапа шеккені белгілі. Оның ішінде жаяу жүргіншілер, автобус жолаушылары мен автобус жүргізушісі бар. Жаяу жүргіншілердің бірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір