Митингке шыққан Демократиялық партия бастамашыл тобының мүшелері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында арнайы жасақ қоршауында тұрғанына 8 сағаттан асты.

Полицейлер белсенді Абзал Достияровты ұстап алып кеткені хабарланды.

Наразы топ спорт сарайының алдынан Республика алаңына қарай жүріп өтпек болған. Бірақ Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында арнайы жасақ "кеттлинг" әдісін қолданып қоршауға алып, түскі 12-ден бері ұстап тұр.

Белсенділер мен арнайы жасақ қақтығыстарының бірінде екі әйел "қабырғамды сындырды" деп денсаулығына шағынды. Олардың бірін жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Қалған белсенділер қоршауда тұр. Оларға жаны ашыған азаматтар арасында сырттан ас-су салынған пакеттер лақтыруда. Әжетханаға барғысы келетіндерді полиция бір-бірлеп апарып, қайтадан қоршаудың ішіне кіргізіп жатыр. Мәжіліс сайлауы күнгі митингте белсенділерге әжетханаға баруға рұхсат бермей, кейбірі сол жерде қажетін өтеуге мәжбүр болған.

Қоршаудағы белсенділер дыбыс ұлғайтқышпен "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "саяси тұтқындарды босатылсын" Назарбаев, кет", "Еуропарламент қарары орындалсын" деп ұрандатып, өздерін босатпайынша тұратынын мәлімдеуде.

Қазіргі уақытта Алматыда -4 градус суық.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматыдағы митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір