• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:26:30
Алматы
+35°

Ақтауда екі адам көршісі жәндіктерді улағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Орталық мәліметінше, Ақтау қаласының тұрғыны "Квикфос" препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілеріне ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялаған.

"Пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағынауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен қызы көз жұмды" делінген хабарламада.

Сондай-ақ тағы 6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. 

Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факт Ақтау қаласының полиция басқармасына қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді.

Қазіргі таңда Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау тұрғын улау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір